Қоғам

Персеидтер: бүгін түнде аспанда «аққан жұлдыздар» жаңбыры

Сурет: Egemen Qazaqstan

13 тамызға қараған түні қазақстандықтар жылдағы ең әдемі метеор ағындарының бірі – Персеидтерді тамашалай алады. Астана уақытымен түнгі сағат 02:00-ден 03:00-ке дейін ағынның шарықтау шегі байқалады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл кезде аспанда сағатына 100-ге дейін «аққан жұлдыз» көрінуі мүмкін. Персеидтер түнгі аспанда ақшыл жарқыраған жолақтар түрінде көрінеді.

Алайда метеорларды бақылау оңай емес. Мамандар қала шамдарынан алысырақ жерге шығуға кеңес береді. Сондай-ақ, от жағуға болмайды, өйткені оның жарығы кедергі келтіруі мүмкін.

Персеидтер аспанның оңтүстік-шығыс бөлігінен шығатындай көрінеді. Мамандардың айтуынша, бақылау үшін арнайы құрал қажет емес, тек аспан ашық болса жеткілікті.

Көп оқылғандар