Сурет: ЖИ көмегімен жасалған
2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енген жаңа Конституция мен Мемлекет басшысының «Заң және Тәртіп» идеологиясы Қазақстанның саяси-құқықтық дамуында жаңа кезеңді белгіледі. Бұл бастамалар қоғамда құқықтық мәдениетті нығайтып, азаматтардың заңға қолжетімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Осы қағидаттарды қолдау үшін Daryn Ustaz орталығы педагогтерге арналған «AI заңгер» цифрлық көмекшісін іске қосты. Жаңа құрал мұғалімдерге еңбек қатынастары, білім беру саласындағы құқықтық нормалар және кәсіби қызметке қатысты сұрақтар бойынша жедел кеңес алуға мүмкіндік береді.
Педагогтер енді әрбір заңның мәтінін өз бетінше іздеп, түрлі платформаларды қарауға уақыт жұмсамайды. Жасанды интеллект сұраққа жауап берген кезде ресми құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарға сілтеме ұсынады. Бұл мұғалімдердің сенімді дереккөздерге негізделген ақпаратты бір платформа арқылы жылдам алуына жағдай жасайды.
Жобаның басты мақсаты – педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заңнамалық ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдету және күнделікті кәсіби қызметте құқықтық қолдау көрсету.
Еске салайық, Абай облысында жоғалған телефон мен қолсөмке жасанды интеллект камераларының көмегімен бір сағатта табылды.
Сондай-ақ «Мемсараптама» РМК мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын жобалау құжаттамасының толықтығын тексеруге арналған жасанды интеллект технологиялары негізіндегі пилоттық модульді енгізді. Енді барлық жобалар жаңа цифрлық шешімнің көмегімен міндетті түрде алдын ала тексеруден өтеді.
Мазмұнға өту
