Categories Саясат

Педагогтер мен студенттер әскери жиындарға шақырылмайды

Сурет: Қорғаныс министрлігі

Биыл Қазақстанда запастағы 3 мың әскери қызметкер міндетті оқу-жаттығу жиындарына шақырылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери міндеттілерді жергілікті әскери басқару органдары іріктейді. Олар Қарулы күштерге қажетті мамандықтар бойынша таңдалады. Сондай-ақ азаматтардың денсаулық жағдайы, әскери дайындығы және заң талаптарына сәйкестігі ескеріледі.

Жиынға қатысушыларға арнайы шақырту жіберіледі. Шақырту алғандар белгіленген уақытта көрсетілген орынға келуі тиіс. Егер себепсіз келмесе, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Заң бойынша, оқу жылы кезінде жұмыс істейтін педагогтер, күндізгі бөлім студенттері және кәмелетке толмаған үш және одан көп баласы бар әкелер жиынға шақырылмайды.

«Аталған іс-шаралар резервтегілердің даярлық деңгейін жетілдіру, практикалық дағдыларды жаңарту, заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы меңгеру, сондай-ақ Қарулы күштерді жұмылдырудың дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылады», — делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Оқу-жаттығу жиындары бір айға дейін созылады. Осы кезеңде қатысушылар азық-түлікпен, киім-кешекпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі. Жаттығу өтетін жерге бару және қайту шығындарын Қорғаныс министрлігі өтейді.

Жиынға қатысқан азаматтардың жұмыс орны мен қызметі сақталады. Жұмыс істейтіндерге орташа жалақы төленеді, ал жұмыссыздарға мемлекет есебінен ең төменгі жалақы беріледі. Сонымен қатар, оқу-жаттығу жиындарына қатысқан уақыт еңбек өтіліне енгізіледі.

Ұқсас жазбалар

Нұрсұлтан Шоқанов Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды

Астанада Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс съезінде делегаттар Нұрсұлтан Шоқановты партия төрағасы етіп сайлады.

Қазақстан мен Еуропалық прокуратура өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды

Бас Прокурор Берік Асылов Люксембургке жұмыс сапарымен барып, Еуропалық прокуратураның басшысы Лаура Кёвешимен кездесті. Келіссөздер…

Совет Европы выразил поддержку политическим реформам в Казахстане

В Парламентской ассамблее Совета Европы (ПАСЕ) принята письменная декларация «Конституционный референдум в Казахстане: новый этап…