Categories Жайық news

Парламент таратылып, Құрылтай сайлауы өтеді: Қазақстанды үлкен саяси өзгеріс күтіп тұр

Желіде талқыланып жатқан Конституцияға түзетулер енгізу туралы заң жобасына сәйкес, биыл шілдеде Парламент өз өкілеттігін тоқтатып, оның орнына Құрылтай сайлауы өтуі мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Құжатта мемлекеттік басқару жүйесін айтарлықтай өзгертетін бірнеше маңызды тармақ бар. Ең бастысы – заң шығарушы органның ауысуы.

Жоба бойынша, қазіргі Парламенттің жұмысы 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап тоқтатылады. Конституциялық өзгерістер күшіне енген соң, Президент бір айдың ішінде Құрылтай сайлауын жариялауы тиіс. Ал сайлау науқаны екі ай ішінде өтуі керек.

Тағы бір маңызды жаңалық – елде вице-президент лауазымын қайта енгізу ұсынысы. Оны Президент Құрылтайдың келісімімен тағайындайды. Бір қызығы, заң жобасының алғашқы және соңғы нұсқаларында вице-президенттің өкілеттіктері екі түрлі сипатталған.

31 қаңтарда ұсынылған бірінші жобада вице-президенттің міндеттері былай көрсетілген еді:

– Президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық аренада ҚР мүддесін білдіреді;
– Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде Президенттің атынан өкілдік етеді;
– Президенттің тапсырмасы бойынша ҚР-ның және шет мемлекеттердің қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени-ағартушылық ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
– Президент айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ал 12 ақпандағы жаңартылған нұсқада бұл міндеттер айтарлықтай қысқартылған:

– Вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде оның атынан өкілдік етеді, сондай-ақ Президент айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…