Париж соты Air France пен Airbus-ты 228 адам өліміне кінәлі деп тапты

Париж апелляциялық соты 2009 жылы 228 адамның өмірін қиған ұшақ апатына Air France мен Airbus компанияларын кінәлі деп таныды. Сот шешімі бойынша, екі компания да апатқа «толық жауапты», деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл іс 2009 жылдың 1 маусымында Рио-де-Жанейродан Парижге ұшып бара жатқан Air France 447 рейсінің Атлант мұхиты үстінде апатқа ұшырауына қатысты. Салдарынан 228 адам қаза тапты. Сот авиакомпания мен ұшақ өндірушісін адам өліміне соқтырған немқұрайлылық үшін кінәлі деп тапты.

«Сот авиакомпания мен ұшақ өндірушісін апатқа «кінәлі және толық жауапты» деп шешті. Адам өліміне соқтырған немқұрайлылығы үшін аталған компаниялардың әрқайсысы 225 000 еуро айыппұл төлеуі тиіс», — делінген сот шешімінде.

Бұл шешім — 2019 жылғы соттың ақтау үкімінен кейінгі апелляциялық істің нәтижесі. Қазір Air France пен Airbus компаниялары сот шешіміне шағымдану құқығын қарастырып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады: зардап шеккен бала ауруханада

17 мамыр күні кешке Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады. Бала ауруханаға жеткізіліп,…

Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалап жүріп, жұмысшы көз жұмды

Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға Абай мен Чехов көшелерінің қиылысында…

Тоқаев Қызылордаға жаңа театр мен кітапхана салуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әкімін қабылдап, жаңа драма театры мен заманауи кітапхана салуды тапсырды.