Сурет: istockphoto.com
Пәкістан астанасы Исламабадтағы ауруханада болған өрт салдарынан 14 жаңа туған нәресте қайтыс болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Пәкістан медициналық ғылымдар институтының (PIMS) Mother and Child Hospital ғимаратында орын алды. Өрт таңғы сағат 07:00 шамасында неонаталдық бөлім орналасқан үшінші қабатта басталған.
Алдын ала болжам бойынша, өртке бөлімдегі кондиционер компрессорының жарылуы себеп болған. Өрт туралы хабар түскен соң, оқиға орнына құтқарушылар дереу жеткен.
Исламабад әкімшілігінің мәліметінше, өртті сөндіруге 6 өрт сөндіру көлігі мен 4 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылған. Құтқарушылар жалынды тез арада сөндіріп, нәрестелерді жансақтау бөліміне эвакуациялаған. Дегенмен, дәрігерлер 14 сәбиді аман алып қала алмады.
