Сурет: Associated Press
Пәкістан әскери ұшақтары Ауғанстанның шығыс және оңтүстік аймақтарындағы нысандарға әуеден соққы берді. Нәтижесінде тоғыз бейбіт тұрғын, соның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапты, тағы 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жөнінде Ауғанстанның Жоғарғы көшбасшысының баспасөз хатшысы Забиулла Моджахед хабарлады. Оның сөзінше, соққылар Кунар провинциясы мен Гильменд провинциясындағы Сафар елді мекеніндегі тұрғын үйлерге бағытталған.
«Біз бұл әрекетті агрессия және барлық қабылданған қағидаларды бұзатын қылмыс ретінде айыптаймыз», деді Забиулла Моджахед.
Бұған дейін Забиулла Моджахед Пәкістан әскері Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар қаласына соққы жасағанын мәлімдеген еді.
Сондай-ақ жуырда Пәкістандағы пойызда жарылыс болып, 24 адам қаза тапқаны еске салынады.
