Сурет: istockphoto.com
Бұл бастама Астанада өткен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған конференцияда таныстырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық саны азайған. Биыл жыл басынан бері мұндай шара мыңнан астам құқық бұзушыға қолданылды. Сондай-ақ полиция 43 мыңға жуық қорғау нұсқамасын берген. Бұл былтырмен салыстырғанда 2,3 пайызға көп.
Қазақстан Президенті жанындағы отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежана Имашеваның айтуынша, зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін құқық бұзушыны жауапқа тартумен шектелуге болмайды. Мұндай әрекетке не түрткі болғанын анықтау қажет. Егер күш көрсетуге психологиялық мәселе себеп болса, сот арнайы түзету курсынан өтуді міндеттей алады.
«Бізде екі бағыт бар, осы абьюзердің мінез-құлқын өзгерту үшін негізі поликлиникаларда соттың шешімі болса, осындай шара қолдану керек деген. Екіншіден, пилоттық жоба — бұл арнайы орталық, бұл жерде барлық керек мамандар шоғырландырылған. Психологтар және басқа да мамандар жүйелі түрде осындай азаматтармен жұмыс жасайтын болады», дейді Снежана Имашева.
Мазмұнға өту
