Categories Жайық news

«Отаныңа адал қызмет ету»: Тоқаев волонтерлерге қандай баға берді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөйлеген сөзінде еріктілер қозғалысының маңызына тоқталып, оларды «озық ойлы қоғамның айнасы» деп атады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Президент форумға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастарға ілтипатын білдіріп, оларды қоғам игілігі үшін қызмет етіп жүрген Қазақстанның нағыз отаншыл, жасампаз және қамқор азаматтары деп бағалады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев биыл бүкіл әлем Халықаралық еріктілер жылын атап өтіп жатқанын еске салды. Бұл бастаманы өзі Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-сессиясында көтергенін, еліміздің ұсынысы жаһандық деңгейде қолдау тапқанын атап өтті.

«Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу деген сөз. Ниеті түзу, жаны таза адамдар осы жолды таңдайды, еріктілер қатарына қосылып, қажырлы еңбек етеді. Еріктілерді озық ойлы қоғамның айнасы деп айтсақ, артық болмайды», – деді Президент.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…