Саясат

ОСК Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындыларын шығарды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов партиялық тізімге енген кандидаттарға қойылатын талаптарды түсіндірді. Ол Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 13 шілдеде сағат 18:00-де аяқталғанын атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Шавхат Өтемісовтің айтуынша, 2026 жылғы 13 шілде сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ОСК-ға 7 саяси партияның партиялық тізімдері ұсынылды. Атап айтқанда, «Ақ жол» партиясы – 63 кандидат, «Ауыл» партиясы – 69 кандидат, «Әділет» партиясы – 186 кандидат, «Байтақ» партиясы – 47 кандидат, «Қазақстан халық партиясы» – 72 кандидат, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» – 33 кандидат, «Respublica» партиясы – 76 кандидат ұсынған.

ОСК хатшысы сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделген нормалар мен заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялардың құқықтары туралы айтты. Барлық партиялардың құжаттары кандидаттардың Конституция мен Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін тексеру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілді. Партиялық тізімдерді тіркеу 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 18:00-де аяқталады.

Еске сала кетейік, Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленген. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды.

Көп оқылғандар