Саясат

ОСК Құрылтай депутаттарын сайлауда халықаралық байқау тәртібін бекітті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде халықаралық байқаушылардың жұмысын реттейтін қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құжатта шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға шақыру жіберу, байқаушыларды аккредиттеу және оларға куәлік беру тәртібі белгіленген. Сыртқы істер министрлігінің аккредиттеуінен өткен шетелдік БАҚ өкілдері де байқау жүргізе алады.

Қаулы Құрылтай депутаттарының сайлауына халықаралық байқаушылардың қатысуына құқықтық жағдай жасайды және олардың қызметін заңнамаға сәйкес жүзеге асыру тәртібін айқындайды, — деді ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.

Көп оқылғандар