Саясат

ОСК «Ауыл» партиясының Құрылтай сайлауына партиялық тізімін тіркеді

Сурет: Ауыл партиясы

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысатын «Ауыл» партиясының партиялық тізімін ресми түрде тіркеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ОСК хатшысы Шавхат Өтемісовтің айтуынша, партия құрамына 69 кандидат енген. Уәкілетті мемлекеттік органдардың тексеруі нәтижесінде барлық үміткердің Конституциялық заң талаптарына сай екендігі анықталды.

«Тізімдегі 29 кандидат – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар, бұл жалпы тізімнің 42%-ын құрайды. Заңда белгіленген квота сақталған», – деп атап өтті Шавхат Өтемісов.

ОСК сондай-ақ «Ауыл» партиясы VIII сайланған Мәжіліс депутаттарының сайлауында сайлаушылардың 10,90 пайыз дауысын жинағандықтан, қолданыстағы заңнама бойынша сайлау жарнасын төлеуден босатылғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына партиялық тізімдерді тіркеу 23 шілде күні сағат 18:00-де аяқталады.

Көп оқылғандар