Сурет: Egemen Qazaqstan
Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық аясында саяси партия өкілдеріне арналған семинар ұйымдастырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шарада ОСК мүшелері мен мемлекеттік органдардың өкілдері баяндама жасады. Семинарда сайлау заңнамасындағы өзгерістер, партиялық тізімдерді ұсыну және тіркеу, мемлекеттік емес қаржыландыру, сайлауалды үгіт жүргізу, сондай-ақ сенім білдірілген адамдардың жұмысы туралы түсіндірмелер берілді.
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық кезінде 71 мыңнан астам сайлау комиссиясының мүшесі оқытудан өтеді. Қатысушылар алдағы сайлау науқанына қатысты құқықтық және ұйымдастырушылық сұрақтарға толық жауап алды.

