Басты тақырып

Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылды

Сурет: Reuters

Ормұз бұғазының оңтүстік бөлігінде екі мұнай танкері жарылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) мәліметінше, танкерлер кеме қатынасы ережелерін бұзып, мина қойылған жабық бағытпен өтуге әрекеттенген. Әзірге жарылған танкерлердің қай елге немесе компанияға тиесілі екені ресми түрде жарияланған жоқ.

Тегеран АҚШ өңірдегі әскери операцияларын тоқтатпайынша Ормұз бұғазы арқылы мұнай, газ және тыңайтқыштарды қауіпсіз тасымалдау мүмкін еместігін мәлімдеді. Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО елдерінің саммиті қарсаңында Иранмен арадағы бітімнің аяқталғанын мәлімдеп, бұдан былай Тегеранмен келіссөз жүргізгісі келмейтінін хабарлаған болатын. Содан бері тараптар бір-біріне зымыран соққыларын жалғастырып келеді.

Көп оқылғандар