Categories Жайық news

Оралдықтар жалпықалалық сенбілікке шықты

Орал қаласының тұрғындары биылғы алғашқы жалпықалалық сенбілікке шықты.

Шара “Наурызнама” онкүндігі аясында Тазару күніне орай ұйымдастырылуда. Қала бойынша тазалық жұмыстары жүргізілуде. Тұңғыш Президент алаңының өзінде шамамен 300-ге жуық адам еңбек етуде.

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев барша жұртты Наурыз мерекесімен құттықтап, Тазару күнінен бастап айналаны таза ұстауға, сенбіліктерге белсене қатысуға шақырды. Сондай-ақ, Орал қаласының алдағы жылдары да ең таза әрі жасыл қала мәртебесін сақтап қалуына үлес қосу қажеттігін айтты.

Сенбілікке еңбек ұжымдары, еріктілер, жастар мен аға буын өкілдері белсене атсалысты. Көпшілік үшін бұл – көктемді сөзбен емес, нақты іспен қарсы алатын игі дәстүрге айналған.

 

 

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…