Categories Жайық news

Оралда Журналистер тынымбағы қайта ашылды

Оралда Журналистер тынымбағы қайта ашылды,- деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

Орал қаласында қала күні мерекесі аясында Журналистер тынымбағы жаңғыртудан кейін қайта ашылды. Салтанатты рәсімге Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, қала әкімі Мұрат Байменов, ардагер журналистер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

15 жыл бұрын ашылған бұл тынығу орны толық абаттандырылып, жаңа кейіпке енді. Жаңғырту жұмыстары барысында 2300 шаршы метр аумаққа көгал төселіп, 50 түп ағаш отырғызылды. Сондай-ақ 3200 шаршы метрге өрнек тас төселіп, фонтан, заманауи орындықтар, қоқыс жәшіктері мен балалар ойын алаңы орнатылды.

Тынымбақтың басты нысаны – Ұлы Отан соғысына қатысқан батысқазақстандық журналистерге арналған ескерткіш белгі. Ол майдан даласында қаламын қарумен қатар ұстаған қаламгерлер рухына тағзым ретінде қойылған. Ескерткіште Жұбан Молдағалиев, Бисен Жұмағалиев, Тайыр Жароков, Абдолла Жұмағалиев сияқты майдангер-журналистердің есімдері жазылған.

Ашылу рәсімі барысында ескерткішке гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды. Жасөспірімдер ақын Жұбан Молдағалиевтің өлеңдерін оқып, шараға рухани мән берді.

Журналистер тынымбағының қайта жаңғыруы – өткенге тағзым, бүгінгіге құрмет, болашаққа аманат ретінде бағаланды.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…