Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады: зардап шеккен бала ауруханада

17 мамыр күні кешке Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады. Баланы ауруханаға жеткізіп, ит тістеген жарақаттарды тігіп, құтырмаға қарсы вакцина екті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Орал қаласының тұрғын алабында болған. Бала үйінің ауласында ойнап жүрген кезде қаңғыбас иттер шабуыл жасаған. Көршілер дереу көмекке келіп, иттерді қуып жіберген.

«Баланың денесінде ит тістеген бірнеше жарақат бар. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында жатыр», — деді облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға бойынша тексеру басталды.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Тұңғыш Президентті туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оның тарихи миссиясын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Астана — егемен еліміздің жүрегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана күніне арналған құттықтауында елорданы егемен еліміздің жүрегі деп атады.

Үлкен Алматы каналы кешенді реконструкциядан өтеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, ірі су шаруашылығы…