Сурет: Жайық Пресс
Облыс әкімдігі бекіткен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шаралар жоспары аясында Оралда профилактикалық рейд ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, облыстық төтенше жағдайлар және полиция департаменттерінің қызметкерлері, «КазТрансГазАймак» АҚ мамандары, сондай-ақ жастар арасынан волонтерлер қатысты.
Рейд барысында тұрғын үйлерде өрт пен улы газды анықтайтын 30 датчик орнатылды. Сонымен қатар 100-ден астам азаматқа жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелері мен төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.
Жылыту маусымы басталғаннан бері өңірде 25 280 тұрғын үй тексеріліп, 49 410 тұрғынға өрт қауіпсіздігі жөніндегі жаднамалар таратылды. Әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі күні осындай 581 отбасымен профилактикалық жұмыс жүргізіліп, олардың үйлеріне улы газды анықтайтын датчиктер тегін орнатылуда.
Мұндай рейдтер жылыту кезеңінде тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ өрт пен улы газдан улану қаупін азайтуға бағытталған. Облыс аумағында профилактикалық және түсіндіру іс-шаралары жалғасады.
Мазмұнға өту
