Сурет: Жайық Пресс
Орал қаласы ересектер арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионатын қабылдайды, деп хабарлайды olympic.kz.
Республикалық біріншілікке елдің 17 өңірінен 600-ге жуық дзюдошы қатысады. Олардың қатарында ҚР құрамасының спортшылары Магжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаев, Данияр Шамшаев, Галия Тынбаева, Мади Амангельды, Дидар Хамза, Аружан Ережепова, Камила Берликаш және Акерке Рамазанова бар.
Сонымен қатар, чемпионат нәтижелері 2027 жылы халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасының құрамын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Чемпионат 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында «Жайық» спорт кешенінде өтеді.
