Қоғам

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерді кешкі уақытта ата-аналар чаттарында мазаламау мәселесін қарастырып жатыр

Сурет: facebook.com/bilimland

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдердің кешкі уақытта ата-аналар чаттарында алаңдамауын қамтамасыз ету мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысы Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, министрлік ұстанымы бойынша, оқытушылардың ата-аналармен жұмыс уақыты нақты шектелуі тиіс.

«Біз ата-аналар чаттарында сұрақтарды сағат 18:00-ге дейін қоюға болады деп есептейміз. Сағат 18:00-ден кейін әр мұғалімнің жеке өмірі бар және оны құрметтеу керек», деді ол.

Министрлік хабарлағандай, сағат 18:00-ден кейін чаттарды толық бұғаттау немесе жауап бермеу ережесі алдағы уақытта ата-аналар қауымдастығымен бірлесіп жан-жақты пысықталатын болады.

Көп оқылғандар