Жайық news

Оңтүстік Корея: Заңсыз жүрген қазақтарға айыппұлсыз кетуге мүмкіндік берілді

Passengers relaxing in a São Paulo airport waiting area, capturing a travel moment.

Оңтүстік Кореяда заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтар 2026 жылдың ақпан айының соңына дейін еш айыппұлсыз және елге қайта кіруге тыйым салынбай, өз еркімен кете алады. Бұл туралы Еңбек министрлігі тағы да еске салды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Алайда бұл бағдарламаға қылмыстық іс жасаған, елден мәжбүрлі түрде шығарылуы тиіс немесе 2025 жылдың 1 желтоқсанынан кейін заңсыз мигрант атанған азаматтар ілінбейді.

Елден кету үшін қазақстандықтар Оңтүстік Кореяның иммиграциялық кеңселеріне төлқұжат, өтініш және кері қайту билетімен баруы қажет.

Көп оқылғандар