Жайық news

Омбы-Майқапшағай тасжолындағы сұмдық апат: Төрт адамның өмірі қиылды

Абай облысындағы Омбы – Майқапшағай тасжолында ірі жол-көлік оқиғасы болып, төрт адам қаза тапты. Lada Priora мен Chevrolet Cobalt көліктері бетпе-бет соқтығысып, тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 19 ақпанда Салқын-төбе ауылының маңында болған.

Қазіргі уақытта полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Жол апатының себеп-салдары анықталып жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Көп оқылғандар