Сурет: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 29 шілдеде Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Бұл сапар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен жүзеге асады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, Шавкат Мирзиёев Астанада өтетін «Болашақ ойындары» халықаралық турнирінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысады. Бұл турнир 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді, оған Өзбекстан спортшылары да қатысады.
Мазмұнға өту
