Сурет: Egemen Qazaqstan
10-15 тамыз аралығында Қазақстанда өкпе обыры туралы ақпараттандыру апталығы өтеді. Осы аясында қауіп тобына жататын азаматтар төмен дозалы компьютерлік томографиядан (КТ) тегін өте алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тегін тексеруден 15 жылдан астам темекі шеккендер, бұрын темекі шеккен адамдар және зиянды өндіріс орындарында жұмыс істейтін азаматтар өте алады.
Апталық 15 тамызда еліміздің барлық онкологиялық ұйымдарында өтетін бірыңғай қабылдау күнімен аяқталады.
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 4 мыңға жуық адамға өкпе обыры диагнозы қойылады, ал ауру салдарынан жылына шамамен 2 мың адам қайтыс болады.
Мамандар өлім-жітімнің жоғары болуының басты себебі – аурудың кеш анықталуы екенін айтады. Өкпе обыры бастапқы кезеңдерде ұзақ уақыт белгісіз өтуі мүмкін, сондықтан қауіп тобына кіретін азаматтарға профилактикалық тексеруден өтіп, ауруды ерте анықтауға мән беру ұсынылады.
Мазмұнға өту
