Categories Жайық news

Облыс әкімі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады

Облыс әкімі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады,- деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Батыс Қазақстан облысында халқымыздың денсаулығы мен амандығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының кәсіби мерекесі салтанатты түрде атап өтілді.

Шара барысында аймақ басшысы Нариман Төреғалиев сала өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті. Әкім өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Медицина қызметкерлері – ұлт саулығының сақшылары, ең қадірлі мамандық иелері. Әсіресе, жаһандық індет кезінде дәрігерлердің адал қызметіне бүкіл ел куә болды. Біз абзал жандардың табанды еңбегін бағалаймыз» деген сөзін келтірді.

Сонымен қатар, облыс әкімі пандемия кезеңінде өңір мамандарының кәсіби біліктілігінің арқасында індет ошақтары дер кезінде анықталып, аурудың таралу қаупі шектелгенін атап өтті. Оның айтуынша, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы – тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығының кепілі.

Салтанатты жиын соңында бірқатар сала үздіктері мемлекет тарапынан марапатқа ие болды. Мамандарға Премьер-Министрдің алғыс хаттары мен Денсаулық сақтау министрінің төсбелгілері, сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…