Саясат

Нұрлан Әбдіров Құрылтай сайлауына қатысушы партияларға үндеу жасады

Сурет: Ашық дереккөз

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров саяси партияларды үгіт жұмысында мүгедектігі бар адамдардың құқығын ескеруге шақырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ОСК отырысында Әбдіров партияларға көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың қажеттіліктерін ескеруді сұрады. Ол үгіт материалдарын қолжетімді форматта дайындап, кездесу орындарына кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету керектігін айтты.

«Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып жатқан саяси партияларға үндеу жасағым келеді. Конституциялық сайлау құқықтарының іске асырылуы сайлау процесінің барлық кезеңінде, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін де қамтамасыз етілуге тиіс. Саяси партияларды осы талаптарды ескеруге шақырамын», — деді Нұрлан Әбдіров.

Еске сала кетейік, Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленген. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды.

Көп оқылғандар