Сурет: DW
Ослодан батысқа қарай 50 шақырым жерде орналасқан аумақта өрт шықты. Бұл ел тарихындағы Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең ірі өрт деп бағаланды. Қазіргі таңда тілсіз жаумен күрес жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
NRK медиакомпаниясының хабарлауынша, бір күн бұрын тұтанған өрт Крокстадельва елді мекеніндегі 100-ден астам тұрғын үйді жойып, жақын маңдағы орманға тараған.
Оқиға орнында 12 өрт сөндіру көлігі мен екі тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Қосымша тағы 4 өрт сөндіру тікұшағы жолда келеді.
Өртке байланысты шамамен 400 жергілікті тұрғын эвакуацияланды. Он адам түтінге уланып, олардың екеуі ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ бір полиция қызметкері жеңіл жарақат алған.
Шілде айының басындағы аптап ыстық пен құрғақ ауа райының салдарынан Испания, Франция, Португалия және Грекияда да орман өрттері тіркелді. Табиғи апаттан ондаған адам қаза тауып, мыңдаған тұрғын эвакуацияланды. Сонымен қатар мыңдаған гектар өсімдік жамылғысы жойылды.
Мазмұнға өту
