Басты тақырып

Нидерландта аптап ыстықтан екі аптада 900-ден астам адам қайтыс болды

Сурет: istockphoto.com

Нидерландта аптап ыстық салдарынан өлім-жітім күрт артып, екі апта ішінде 900-ден астам адам көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елдің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау институтының дерегінше, 22 маусым мен 5 шілде аралығында ең көп өлім-жітім оңтүстік және шығыс өңірлерде тіркелген. Қайтыс болғандардың басым бөлігі 80 жастан асқандар, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары мен өкпенің созылмалы ауруларына шалдыққан науқастар. Мамандардың айтуынша, жағдайдың ушығуына ауа сапасының төмендеуі де әсер еткен.

Биыл Еуропада рекордтық ауа температурасы тіркеліп отыр. Аптап ыстықтан жаз басталғалы кәрі құрлықта 10 мыңнан астам адам көз жұмған. Маусым айының соңында өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Франция мен Бельгияда тіркелді. Германияда 5 мыңнан астам, ал Англия мен Уэльсте 2 мың 700 адам қаза тапты.

Көп оқылғандар