Сурет: Видеодан алынған кадр, India Today
Непалдағы жойқын су тасқынынан кейін 6 жасар қыз үйінді астында үш күнге жуық уақыт жатқанына қарамастан, тірі күйінде құтқарылды. Бала Расува ауданынан табылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
India Today деректеріне сүйенсек, қызды жұма күні Непал қарулы полициясының қызметкерлері тапқан. Құтқарушылар үйінділердің астынан баланың дауысын естіп, оны тірі күйінде алып шыққан. Қыз тікұшақпен Катмандудағы ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек алуда.
Сонымен қатар, Қазақстаннан барған үш турист әйелді іздеу жұмыстары жалғасуда. Бұған дейін Непал мен Қытай шекарасындағы су тасқынынан кейін із-түзсіз жоғалғандар саны 3 мыңға жуықтағаны хабарланған еді. Еске салайық, Непалдағы табиғи апат 26 тамызда болды.
