Басты тақырып

Непал-Қытай шекарасындағы су тасқынынан 680-нен астам адам қаза тапты

Сурет: Kyodo

Непал мен Қытай шекарасындағы жойқын су тасқынынан 680-нен астам адам қаза тауып, із-түзсіз жоғалғандар саны 3 мыңға жуықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Kyodo News деректеріне сәйкес, Непалда 2420-дан астам, ал Қытайда 550-ден астам адам із-түзсіз жоғалған.

Апат кезінде шекара маңында пайда болған табиғи бөгеттің бұзылып, жаңа су тасқынын тудыру қаупі артып отыр.

Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары федерациясының мәліметінше, табиғи апаттан шамамен 93 мың адам зардап шегіп, көмекке мұқтаж.

Бұған дейін 29 тамыз сағат 16:00-дегі жағдай бойынша құтқарушылар 669 адамның денесін тауып, жарақат алған 2301 адамды құтқарған болатын.

Еске сала кетейік, табиғи апат 26 тамызда болды. Непал билігі алдымен 17 адам қаза тапқанын хабарлаған еді.

Көп оқылғандар