Categories Жайық news

«Науқастанып қалды»: Жамбыл облысының бас фармацевті пара алу күдігіне ілінді

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Айгүл Балғабаева пара алу күдігіне ілінді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ulysmedia.kz дереккөздерінің мәліметінше, шенеунікке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі (Пара алу) бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлайды басылым дереккөзі.

Ал департаменттің өзіндегілер басшының қазір еңбекке жарамсыздық парағында екенін, яғни науқастанып қалғанын айтқан.

Айта кетерлігі, Айгүл Балғабаева бұл қызметке 2024 жылдың 30 қыркүйегінде ғана тағайындалған. Былтыр оның орынбасары Мәдина Шынәлиева да сыбайлас жемқорлық үшін сотталған еді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…