Сурет: Маңғыстау облысының Білім басқармасы
2026–2027 оқу жылында мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау кезеңдері белгіленді. Бұйрықты Оқу-ағарту министрлігі бекітті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
9-сынып оқушылары үшін емтихандар 31 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар 31 мамырда математикадан (алгебра), 3 маусымда таңдау пәнінен, 7 маусымда қазақ тілінен (орыс тілі және ұйғыр/тәжік, өзбек тілінде оқытатын мектептерде ана тілі бойынша эссе, гуманитарлық бағыттағы мектептерде мақала, әңгіме немесе эссе) сынақ тапсырады. 11 маусымда оқыту тілі өзге сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті, ал қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша емтихан өтеді.
11-сынып оқушылары 1 маусымда Қазақстан тарихынан ауызша, 4 маусымда алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша, 9 маусымда қазақ тілі/орыс тілі және ана тілінен жазбаша, 14 маусымда таңдау пәнінен жазбаша емтихан тапсырады. 17 маусымда оқыту тілі өзге сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті, ал қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан өтеді.
Бұған дейін министрлік 2026–2027 оқу жылына арналған оқу мерзімдері мен демалыс кезеңдерін де бекіткен еді.
Мазмұнға өту
