Сурет: Egemen Qazaqstan
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысқаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде президенттер стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқан қазақ-тәжік қатынастарының қазіргі деңгейін жоғары бағалады. Тұрақты саяси диалогтың, сондай-ақ екі елдің үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді байланыстардың маңызы атап өтілді.
Сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге, көлік-логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға баса назар аударылды. Мемлекет басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы көпжақты іс-шаралардың кестесін талқылады.
Мазмұнға өту
