Сурет: Egemen Qazaqstan
Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Президенті Тарман Шанмугаратнамды және оның отандастарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент жеделхатында бұл мерекенің Сингапур халқы үшін ұлттық бірлік пен мемлекет дербестігінің, орнықты дамудың маңызды белгісі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Сингапур арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген көпқырлы ынтымақтастық екі халықтың игілігі үшін әрдайым дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнамға жауапты қызметінде табыс, ал достас Сингапур халқына құт-береке тіледі.
Мазмұнға өту
