Басты тақырып

Мемлекет басшысы Швейцария Президентін Ұлттық мерекемен құттықтады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Президенті Ги Пармеланды елдің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жеделхатта атаулы күн Швейцарияның бай тарихи мұрасын танытып, демократиялық тұғырының беріктігін және елдің бейтараптық қағидаттарға ұдайы бейіл екенін көрсететіні айтылған.

Президент Қазақстанның Швейцариямен достық пен өзара құрметке негізделген сан қырлы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ сауда, инвестиция, қаржы және білім салаларындағы ықпалдастықтың оң динамикасын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланға жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал достас Швейцария халқына құт-береке тіледі.

Көп оқылғандар