Басты тақырып

Мемлекет басшысы Шанхайдағы Дүниежүзілік ЖИ конференциясының ашылуына қатысты

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайда өтіп жатқан Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының салтанатты ашылуына қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы дәстүрлі жиын «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналған. Президент бұл конференция Қытайдың жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін айқын көрсететінін атап өтті.

Сондай-ақ ол конференцияда жарияланған «Барша адамзат игілігіне қызмет ететін ЖИ» тұжырымдамасына қолдау білдірді.

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен кездесті. «Дөңгелек үстел» форматында өткен кездесуде президент қытайлық серіктестерге ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікке жоғары баға берді. Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны айтылды.

Көп оқылғандар