Сурет: Ақорда
Астанада өткен кездесуде екі ел басшылары екіжақты күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Омбыдағы қонақжайлылығы үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
ХХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы аясындағы бүгінгі кездесу Қазақстан-Ресей ықпалдастығының негізгі бағыттары бойынша жан-жақты диалогты жалғастырып, алдағы қадамдарды нақтылауға мүмкіндік берді.
Мемлекет басшысы гуманитарлық саладағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, Қазақ ұлттық университетінің Омбыдағы филиалын ашуға қолдау көрсеткені үшін Ресей басшысына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын бірлесіп салу жобасының ағымдағы жағдайы туралы айтты.
Маған Балқаш көлі маңында нысан орнын дайындау жұмыстары аяқталуға жақындағанын баяндады. Бұл жоба Қазақстан аумағында энергияның жаңа түрін өндіруге ғана қатысты емес. Ол сонымен қатар мемлекеттеріміздің, ең бастысы, халықтарымыздың және өскелең ұрпақтың арасында алтын көпір болады. Өйткені біз Ресей көмегімен техникалық кадрларды, кейін атом индустриясы сияқты аса күрделі салада жұмыс істейтін жергілікті қазақ мамандарын даярлағымыз келеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға барған.
Мазмұнға өту
