Басты тақырып

Мемлекет басшысы Қырғызстандағы жаңа елші Әбілқайыр Сқақовты қабылдады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады. Кездесу барысында мемлекет басшысы бауырлас Қырғызстанмен достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовқа екі ел арасындағы көлік-транзит, энергетика, су, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланысты жандандыруға баса назар аударылды.

Көп оқылғандар