Сурет: Egemen Qazaqstan
Қасым-Жомарт Тоқаев Лихтенштейн Князьдігінің Тақ мұрагері Алоизді Ұлттық күнмен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жеделхатта Қазақстан Лихтенштейнмен көп жылғы достық қарым-қатынасты және өзара құрметті жоғары бағалайтыны айтылған. Сондай-ақ тиімді ынтымақтастық екі ел халқының игілігі үшін одан әрі нығаятынына сенім білдірілген.
Мемлекет басшысы Тақ мұрагеріне жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал достас Князьдік халқына бақ-береке тіледі.
Мазмұнға өту
