Басты тақырып

Мемлекет басшысы Франция президентін ұлттық мерекемен құттықтады

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды ұлттық мереке – Бастилияны алу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі. Президенттің айтуынша, бұл күн француз халқының бірлігін, еркіндік пен теңдік қағидаттарына адалдығын көрсетеді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен стратегиялық серіктестікті нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. Ол екі ел арасындағы ынтымақтастықтың даму қарқынына көңілі толатынын жеткізіп, қазақ-француз байланыстарының кеңеюіне Эмманюэль Макронның айрықша үлес қосқанын айтты.

Президент Франция көшбасшысына жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал француз халқына бақ-береке тіледі.

Көп оқылғандар