Мемлекет басшысы Дания халқын Конституция күнімен құттықтады

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Дания Корольдігінің ұлттық мерекесі – Конституция күніне орай Король X Фредерикті құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Президенті бұл мерекенің Дания халқы үшін демократиялық құндылықтардың, қоғамдық келісімнің және орнықты дамудың символы ретінде ерекше маңызын атап өтті.

Мемлекет басшысы достық пен өзара қолдау рухындағы қазақ-дат байланыстары одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредериктің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Дания халқына бақ-береке тіледі.

Ұқсас жазбалар

Астанада 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі

Астана мәслихаты тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасын бекітті. 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі.

Елордада балалар қатысқан жол апаттары 36,4%-ға өсті

Астанада балалар қатысқан жол апаттары 36,4%-ға өсіп, 311 оқиға тіркелді. Салдарынан 412 бала жарақат алып,…

Президент: Билік пен бизнес мәселелерді бірлесе шешуі керек

Қасым-Жомарт Тоқаев билік пен бизнес арасындағы сындарлы диалогтың маңызын атап, инвестициялық дауларды шешуге қолайлы орта…