Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Черногорияның Мемлекеттілік күніне орай Президент Яков Милатовичті құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Черногория арасындағы достық пен өзара құрметке негізделген көпжылдық ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді.
Жеделхатта Черногория көшбасшысының Астанаға жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды кезеңге жол ашқаны және кең ауқымды салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік бергені атап өтілген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Яков Милатовичке жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Черногория халқына құт-береке тіледі.
Мазмұнға өту
