Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі Төтенше және Өкілетті Елшілері қызметінен босатылып, орнына жаңа дипломаттар тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент жарлығымен Рәпіл Жошыбаев Қырғыз Республикасындағы, Арман Исағалиев Қатар мемлекетіндегі, Абзал Сапарбекұлы Мажарстандағы және Мәди Атамқұлов Сербия Республикасындағы елші қызметтерінен босатылды.
Олардың орнына Әбілқайыр Сқақов Қырғыз Республикасына, Бақыт Батыршаев Қатарға, Анель Бақытбекқызы Мажарстанға, ал Болат Иманбаев Сербияға елші болып тағайындалды. Болат Иманбаев бұған дейін Армениядағы елші қызметінен босатылды.
Қазақстанның Үндістандағы елшісі Азамат Есқараевқа қосымша міндеттер жүктелді. Ол енді Бангладеш, Бутан, Мальдив және Непалдағы елші қызметін қоса атқарады.
Мазмұнға өту
