Басты тақырып

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады

Сурет: Жайық Пресс

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, мұнай-газ химия саласын дамыту, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын салу туралы ақпарат берілді.

Экономиканы әртараптандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, экологиялық ахуалды жақсарту және республикалық деңгейде қолдауды қажет ететін жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент Атырау облысының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін бірқатар тапсырма берді.

Көп оқылғандар