Сурет: Egemen Qazaqstan
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент бұл күннің ерекше тарихи мәніне тоқталып, оның Америка халқының еркіндік, теңдік және әділдік қағидаттарына адалдығын көрсететінін айтты.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Президент Трамптың қазақ-америка қатынастарының қарқынды дамуына қосқан үлесін атап өтіп, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал АҚШ халқына бақ-береке тіледі.

