Қоғам

Мектеп бітіру кеші: ата-аналарға ақша жинауға тыйым салынды

Мамыр айының соңы – мектеп бітірушілер үшін ыстық-ыстық дайындық кезеңі. Бірақ биыл ата-аналарға ескерту бар: дастарқан жаюға, сыйлыққа ақша жинауға болмайды.

Білім министрлігі бұл тыйымды қатаң ескертті. Енді мектеп бітіру кешінде ата-аналар ақша жинап, ұстаздарға қымбат сыйлық алуға, ас-су әзірлеуге тиым салынды. Шара тек ресми рәсіммен шектеледі.

«Ақша жинау, сыйлық алу – заңсыз. Мұғалімдерге тек гүл немесе қолдан жасалған шағын сыйлық ұсынуға болады», – деді министрлік өкілі.

Бұл талап бұзылса, мектеп әкімшілігі мен ұстаздар жауапқа тартылады. Оралдағы мектептер де бұл ережені ұстануы керек.

Көп оқылғандар