Басты тақырып

«Медеу-Шымбұлақ» аспалы жолы уақытша жабылды: курортқа балама жолдар

Сурет: Алматы әкімдігі

Медеуден Шымбұлаққа баратын аспалы жол техникалық ақауларға байланысты уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Курорт әкімшілігінің мәліметінше, мамандар қазір қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қызмет бірнеше сағат ішінде қалпына келтірілуі тиіс.

«Медеу» станциясынан «Шымбұлақ» базалық станциясына экотакси арқылы жетуге болады. Шымбұлақ базалық станциясының үстіндегі басқа аспалы жолдар қалыпты жұмыс істеп тұр. Оларға билеттерді базалық станциядағы кассадан сатып алуға болады.

Келушілерден сапарларын жоспарлаған кезде осы ақпаратты ескеру сұралады. Әкімшілік аспалы жолдың жұмысы қайта басталатынын қосымша хабарлайды.

Көп оқылғандар