Сурет: ашық дереккөзден
«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе өзіне ұнайтын мем ретінде бет-бейнесі «қытай диктаторының» суретіне жапсырылған фотоны атаған. Кейін ол ҚХР бұрынғы басшысы Мао Цзэдун екені белгілі болды. Қытайда Мао Цзэдунды келемеждеу құрметсіздік саналады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Осы даудан соң Қытайдың Eastroc Beverage, Mengniu Dairy және Shanghai Milkground Food Tech компаниялары футболшымен жарнамалық ынтымақтастығын тоқтататынын мәлімдеді. Dior, On және Hublot брендтері Қытай әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларынан Мбаппе қатысқан материалдарды алып тастады.
Қытайдың мемлекеттік орталық телеарнасы (CCTV) Испания футбол чемпионатының матчтарын көрсетуді тоқтатып, Мбаппе қатысқан жарнамаларды эфирден алып тастады. Сонымен қатар телеарнаның ресми сайтынан футболшы туралы ақпарат өшірілді. Бұл туралы Қытайдың Pengpai басылымы хабарлады.
Оқиғадан кейін Мбаппе Қытай тұрғындары мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі қытай қауымдастықтарынан кешірім сұрады. Испания чемпионатының президенті Хавьер Тебас та Ла Лига атынан кешірім білдірді. Ұйым футболшының сөздері оның жеке пікірін білдіретінін және лиганың ресми ұстанымын көрсетпейтінін мәлімдеді.
Мазмұнға өту
