Сурет: aa.com.tr
Мажарстан парламенті президент Тамаш Шуйокты қызметінен босатуға мүмкіндік беретін конституциялық түзетулер топтамасын мақұлдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Deutsche Welle дерегінше, премьер-министр Петер Мадьяр ұсынған бастаманы 139 депутат қолдап, 6-ы қарсы дауыс берген. Түзетулер қабылданған соң Петер Мадьяр президентке бес күн ішінде өз еркімен қызметінен кету немесе заңға қол қою туралы шешім қабылдауға уақыт берілетінін айтты.
Бұған дейін Тамаш Шуйок өкілеттік мерзімі 2029 жылы аяқталғанша қызметте қалатынын мәлімдеген еді. Құқық қорғау ұйымдары бұл шешімге алаңдаушылық білдіріп, мұндай шаралар әділ құқықтық рәсімдерге кепілдік беретін қағидаттарды бұзуы мүмкін екенін ескертті.
Мазмұнға өту
