Сурет: Экология министрлігі
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығында орнатылған фототұзақ қоңыр аюды тіркеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қоңыр аю — өңірдегі ең ірі жыртқыштардың бірі. Ол орманды алқаптарды мекендеп, қорек іздеп үлкен аумақты аралай алады. Рационы да әртүрлі: өсімдіктер, жидектер мен тамырлардан бастап жәндіктер мен жануар тектес қорекке дейін пайдаланады.
Аю адамды әдетте айналып өтуге тырысады. Сондықтан оның табиғи ортадағы тіршілігін көбіне осындай фототұзақ кадрлары арқылы көруге болады.
Бұған дейін Тарбағатай тауларында Қызыл кітапқа енген арқарлар, Түркістан сілеусіні, Үстірт қорығында өте сирек кездесетін барыс фототұзаққа түсіп қалған болатын.
